Ауа райы бұзылып, Шығыс Қазақстан облысында жол жабылды

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2025
  • 112
Ауа райы бұзылып, Шығыс Қазақстан облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Astana TV.

ҚазАвтоЖол осыған қатысты шұғыл ақпарат жариялады.

«2025 жылғы 15 сәуір сағат 20:50-де ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай -Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.