Бүгін
түнгі сағат 12-де Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлер үшін сайлауалды
үгіт-насихат жұмыстары аяқталады. Ертең тыныштық күні. Кандидаттардың соңғы
тізімі айқындалған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында
айтылды.
Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы сайлау комиссияларының
мәліметіне сай, барлығы 38 үміткер тіркелген. Ресми дерекке сәйкес, дауыс
берушілер саны - 3293 адам. Алдыңғы орынға 333 сайлаушымен Алматы облысы
жайғасқан. Одан кейінгі орындарда Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Дауыс берушілер саны 318 және 312 адам. Астанадан 25, Алматыда 36 мәслихат депутаты
таңдау жасайды. Дауыс беру пункттері толықтай қамтамасыз етілген. Халықаралық
байқаушылар қысқа мерзімді байқау жұмыстарына кірісті. Айта кетейік, Қазақстан
Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 28 маусымда өтеді.
Мақсатхан Анапин, ҚР ОСК бөлім меңгерушісі:
Әр
аймақта бір бір депутаттан сайланады. Бұл 6 жылға сайланған сенат
депутаттарының бірқатарының өкілеттік мерзімі аяқтаулына орай өтетін жанама
сайлау. Таңдаушылар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары. Яғни парламенттің
жоғары палатасының өкілдерін таңдайтын аса маңызды сайлау. 38 кандидаттың 16
-сы депутат болып сайланады. Яғни Сенат құрамы осынша депутатпен толығады.