Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық экономика министрі қазақстандықтарды «тартынбауға» шақырды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2017
  • 2396

Экономистер идеяларымен бөліскісі жоқ. Ұлттық экономика министрлігі "Идеялар жәшігі" жобасын бастаған еді. Алайда,"Жәшік" жартылай бос тұр. Мұны министр Тимур Сүлейнов халыққа есеп беру жиынында айтты.

Бастама мекеменің ресми сайтына кіріп, Қазақстан экономикасын дамытудың жолдарын жазуға мүмкіндік береді. Ел арасынан ақыл-кеңес сұрауға кіріскен министрлік бұл туралы ақпарат таратқан. Тіпті Тимур Сүлейменовтің өзі "Фейсбуктегі" жеке парақшасына жазған-тын. Алайда, тұрғындар, оның ішінде экономистер айтарлықтай белсенді емес. Тек бизнесмендер тарапынан Салық кодексіне қатысты бірнеше ұсыныс түскен. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Пользуясь случаем, призываем не стесняться. Присылать как можно больше предложения. Надеюсь, мы сможем ее релизовать на практике.