Русский Сайттың толық нұсқасы

1 шілдеден бастап зейнетақы мөлшері 11 пайызға көбейеді

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2017
  • 1954

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» зейнетақыны қайта есептеп шықты. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер жоғары зейнетақы алатын болады. Бұған қоса "қосымша құжат жинап өткізудің қажеті жоқ" делінген хабарламада.  

Жыл басында зейнетақыға  қосылған 9 пайыздан бөлек, қосымша 11 пайыз қосылады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының ең төмен мөлшері 40 950 теңге болса, 1 шілдеден бастап 45 711 теңгеге өседі.