Русский Сайттың толық нұсқасы

Суға түсу маусымы басталғалы 66 адам қаза болған, оның жартысы - балалар

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2017
  • 2975

Шомылу маусымы басталғалы ел аумағында 66 адам суға кеткен. Оның 34-і бала. Мұндай ақпаратпен бүгін Төтенше жағдайлар комитеті бөлісті. Мамандар көп жағдайда қарапайым қағидаларды сақтамаудың арты қайғылы жағдайға апаратынын айтады. Сондықтан суға түсу ережелерін ескерту үшін арнайы рейд шараларын қолға алған.

Қазір күннің ысуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында жағдай күрделі. Шымкентте осы жылдың басынан бері 14 адам суға батып кеткен. Оның 9-ы бала. Қазір аймақтық төтенше жағдайлар департаменті ең ір су қоймаларын жалға алып, пайда табатын жеке кәсіпкерлерге қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертіп отыр. Арнайы тексеру барысында осындай қауіпсіздік ережелеріне мән бермеген 4 мекемеге әкімшілік хаттама толтырылған. Сол сияқты Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті жоспарлы ескерту шараларын «Қапшағай» көлінде де жүргізіп жатыр. Мұнда да адамдардың суға кету оқиғалары болған.

Рауан Әмірхан, Алматы облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы:

Биылғы жылды 11 төтенше жағдайлар тіркелген. Оның ішінде, 11 адам суға батып, оның ішінде 4 бала. Осы қайғылы жағдайлар негізінде, балалардың суға батуы - ата-аналардың баланы қараусыз қалдыруы, жағажайларда, су қоймаларында. Ал, үлкендердің суға батуы - ол өз күшін бағаламау және қауіпсіздік ережелерін сақтамау.