Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жаппай мал қырылып жатыр

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2017
  • 4532

Атырау облысында қауіпті инфекциядан 100-ге жуық жылқы қырылып қалды. Бүгінде 234 үй жануарының сақау ауруына шалдыққаны анықталған. Қазір олар мамандардың бақылауында. Дерттің ошағы Исатай ауданында тіркелген. Малдың жаппай дертке шалдыққаны туралы хабар аудандық ветеринария бөліміне маусым айының 28-інде түскен. Мал дəрігерлері ауырған жануарларды оқшаулап, емдеу шараларын жүргізіп жатыр. Сақау ауруы - жылқыларда, əсіресе құлындарда кездесетін өткір инфекциялық дерт. Жануардың жұтқыншақ таңдайының кілегей қабығы қабынып, шықшыт асты лимфа түйіндері үлкейеді. Алқымы ісініп, танауынан ірің ағады.

Серік Ерментаев, аймақтық байланыс қызметінің жетекшісі:

Ветеринар дәрігерлер тарапынан ауру малдарды емдеу шаралары қолға алынған. Қазіргі таңда  комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жағдай жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан бақылауға алынған.

Айжан ҚУАШ