Қатерлі ісікке шалдыққан атыраулық жас музыкант еміне көмек сұрайды

Қатерлі ісікке шалдыққан атыраулық жас музыкант еміне көмек сұрайды

Қатерлі ісікке шалдыққан атыраулық жас музыкант  еміне көмек сұрайды. Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 3-курс студенті аты жаман ауру жабысқанын былтыр қазан айында білген. Содан бері Оңтүстік Корея елінде 4 рет химия терапия қабылдаған.  Енді жуық арада екі операция жасалмақ. 22 жастағы Райымбек Дауылбаев қазір Сеул қаласында қажетті талдаулар тапсырып,  отаға дайындалып жатыр.   

Атырау облысы Доссор кентінің тумасы Райымбек Дауылбаев қатерлі ісікке шалдыққанымды кеш білдім,- дейді. Консерватория студенті музыкалық конкурсқа жанын салып дайындалып жүрген кезде денсаулығында өзгеріс барын байқаған.  Бірақ елемей жүріп қалыпты. Оған 3-сатыдағы "Оң жақ шап аймағындағы аралас герминогенді ісік" диагнозы қойылған. Райымбектің сөзінше, ауру асқынып,  іш қуыс ағзаларына тарапты.

РАЙЫМБЕК ДАУЫЛБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір Сеул қаласындамын. Маған осы жолы 2 операция жасалу керек. Біреуі органы кеудеге,  екіншісі шапқа.  Бұл Кореяға екінші рет келуім. Дәрігерлер  барлығы жақсы деп жатыр.  Қазіргі таңда 4 курс химия терапиядан өтіп,  раковый онкамаркелердің азаюына келіп те жеттік.


Ауруды қабылдау өзіне де, ата-анасына да оңай болмаған. Химиялық терапия  кезінде денсаулығында түрлі өзгерістер байқалыпты.  Бірақ жас жігіт күш-жігерінің арқасында дертті жеңетініне сенімді. Осыған дейін таныс та бейтаныс жандардың көмегімен ем алған ол  алдағы екі операцияға да қаржылай қолдау күтеді.

РАЙЫМБЕК ДАУЫЛБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір операцияның құнын бір нәрсе етіпп сұрап алдық дәрігерлерден  шамамен 40 миллон вон деді. Ол біздің теңгеге аударғанда 14  жарым миллион теңге Ол енді алдағы госпитализацияны, екінші операцияны, тағы да анализдерді санамаған кезде. Бүгіннің өзінде анализдарға 500-600 мың теңгедей кеткен. Және операциялар бір емес, екеу болатын себептен  ақша көбірек керек болып жатыр. Негізі сбор ашылды. Бірақ тағы да сіздердің көмектеріңіз керек.


Райымбек қазір академиялық демалыста. Болашақта оқуын жалғастырғысы келеді. Емделіп шыққан соң  сөз байласқан аруымен отбасын құру да ойында. Айтпақшы, денсаулығын сарп етіп, дайындалып, ауырып жүрсе де қатысқан конкурста шертерші екі номинация бойынша да  орын алған. Сондықтан болашағынан  үміт күттіретін жас музыкантты қолдап, экранда көрсетілген реквизитке аудара алады. 


Көмек көрсету үшін реквизиттер:


Kaspi Gold: 4400 4303 9507 6000

Halyk Bank: 4405 6397 5382 0495

Телефон нөмірі: +7 771 901 50 76 (Артур Исанов)