Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысындағы арнайы операциялар кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2017
  • 3168

Жамбыл облысындағы арнайы операциялар кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. 6 адам криминалитетті қаржыландырып келген. Бұл туралы Ішкі істер министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Қылмыстық топ ұзақ уақыттан бері қалааралық қатынастағы көлік жүргізушілерінен ақша жинаумен айналысқан. Ал қылмыстық жолмен тапқан ақшаны түрмеде отырған криминалитет өкілдеріне жіберіп отырған.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

Ұйымдасқан қылмыстық топтың жылдық айналымы 10 млн теңгеден астам. Ұсталғандардан ақша, жүргізушілерден жиналған қаражат жазбалары бар күнделіктер және тағы да басқа заттар алынды. Қазіргі уақытта ұсталғандар кінәларын мойындауда.