Apple iPhone өндірісі Қытайдан көшкелі жатыр

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2025
  • 212
Apple iPhone өндірісі Қытайдан көшкелі жатыр

Келер жылдан бастап, америкалық Apple iPhone құрылғыларын шығаратын өндіріс ошағы Қытайдан Үндістанға көшірілуі мүмкін. Дональд Трамп Apple-ге Қытаймен байланысты азайту үшін осылай қысым көрсетіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

АҚШ пен Қытайдың арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасының салқындағаны белгілі. Соған қарай енді Дональд Трамп Apple-ді Үндістанға көшіруді жылдамдатуға кірісті.

Ресми деректерге сүйенсек, компания Үндістанда бір жылда 22 млрд доллардың iPhone смартфондарын шығарған. Өндіріс орны өткен қаржы жылымен салыстырғанда 40%-дан астамға өсті.

Қазіргі уақытта Үндістан Apple-дің жаһандық iPhone өндірісінің шамамен 20%-ын құрап отыр, бұл елдің мобильді технология саласындағы маңызды рөлін айғақтайды. Сарапшылар биыл Apple Үндістандағы жылдық өсімін 10–15% деңгейінде сақтайды деп болжап отыр.