Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада баспанасыз қалған көп балалы отбасына жаңа үй салынып жатыр

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2017
  • 2129

Қызылорда облысында өртеніп кеткен үйдің орнына жаңа зәулім сарай бой көтеріп жатыр. Тереңөзек кентінде көп балалы Абдраевтардың үйі қақаған қыста түгелімен отқа оранып, 9 адам далада қалған еді. Оның алтауы - бала. Бір мезетте баспанасыз қалған отбасына сол кезде бас партияның өкілдері қол ұшын созды. Абдраевтарға уақытша пәтер жалдап, азық-түлік, киім-кешек, ыдыс-аяқтарын жеткізіп берді.

"Нұр Отан" партиясы «Темір жол» филиалының жедел кеңес отырысын шақырып, комиссия құрып, қыстың көзі қырауда далада қалған тоғыз жанға жомарттық жасау ұсынылған. Осы отбасының ұлы Абай темір жол саласында қызмет атқаратыны ескеріліп, оған әріптестері қаражаттай көмек көрсетуді шешіпті. 

Дидар Абдраева, көп балалы ана:

Халқыма, еліме рақметімді айтамын. Осы "Нұр Отан" партиясының қолдауыменен берген қаржылай көмектерінің арқасында үйімді бастап көтеріп жатырмын.

Базара Тынбаева, "Нұр Отан" партиясы «Темір жол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Қандай көмек керектігін білу мақсатында бүгін тағы келіп отырмыз. Алдағы уақытта да көмектер көрсетілетін болады.

Дәл осындай көмек өрттен зардап шеккен тағы бір көп балалы отбасына көрсетілген. Жалпы жыл басынан бері партиялық жобаларға он мыңнан астам қызылордалық қатысып, бес жүзге жуық шара өткізілген. Президент қойған мақсаттар 160 мың адамға түсіндірілген. Ал қызылордалықтардан түскен өтініштердің 21,2 пайызы оң шешіліпті. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4 пайызға артық.

Мақсұт Баекеев, "Нұр Отан" партиясын ҚОФ қоғамдық қабылдау меңгерушісі:

Барлығы облыстық филиалына 1976 өтініш түскен болатын. Бес өтініштің бірі оң шешімін тауып отыр. Мемлекеттік орган басшылары, құқық қорғау органдары басшылары, түрлі деңгейдегі маслихат депутаттары, әкімдер осы қабылдауларға қатысып, өз үлестерін қосуда.