Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада "Алтын белгі" иегерлеріне құрмет көрсетілді

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2017
  • 2717

Елордада "Алтын белгі" иегерлері мен халықаралық, республикалық олимпиада жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Қала әкімі оларды жетістіктерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Биыл мектепті 5 мыңға жуық түлек бітірді. Оның 213-і "Алтын белгі" төс белгісін тақса, 49 оқушы халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды. "Елорда мақтаныштары" атты шара дарынды түлектерді қолдап, салтанатты түрде құрмет көрсету үшін ұйымдастырылған.

Мадина Қажмұхамбетова, "Алтын белгі" иегері:

Біздің әкімдікке осы салтанатты іс-шара мен бағалы сыйлықтар үшін алғыс айтқым келеді. Келешекте өзім Астана қаласының үздік университеттерінің біріне түсуді жоспарлап отырмын. Барлық түлектерге сәттілік тілегім келеді.