Қызылорда облысының, әсіресе Байқоныр қаласының тұрғындарына обадан келер қауіп жоқ. Біздің арнаға сұхбат берген өңірдегі обаға қарсы күрес станциясының басшысы, байбалам салуға негіз жоқ, деп мәлімдеді. Алмагүл Матжанованың айтуынша, бұл жоспарлы жұмыс. Байқоңыр маңындағы оба ошағының табылуы мүмкін екендігі болжанған. Қызылқұм дербес оба ошағының 600 шаршы шақырымдық жерінде обаның өткір жайылымды эпизоотиясы анықталған. Оба ошақтарын зертханалық тексеру кезінде Байқоңырдан 12 шақырым жерде оба ауруы бар үлкен құмтышқан, бүрге, сондай-ақ 14 егеуқұйрық табылған. Ауру ошағы анықталған жерде Байқоныр қаласының су торабы және уақытша қонысталған екі малшы шопандығы орналасқаны белгілі болды. Малшылар мен 58 бас түйе обаға қарсы егілмек. Ал 4 шақырым жердегі су торабының айналасына қорғаныс шебін құру үшін зазалсыздандыру жұмыстары басталған. Олар 2 шілде күні аяқталады.
Алмагүл Матжанова, Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы басшысы:
Байқоңыр қаласынан 12 километр болғанымен, екі ортада табиғи өткізбейтін Сырдария өзені бар. Сол себепті ешқандай Байқоныр қаласына зияны жоқ. Байқоныр қаласының әкімшілігіне және санэпидқызметіне хат жазу барысында біз тек сол су торабында жұмыс істейтін адамды обаға қарсы егуді сұраған болатынбыз. Басқа тиісті жұмыстардын бәрі біздің стансасынын күшімен және станциянын Жосалы бөлімше күшімен атқарылып жатыр. Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ.
Халық
арасында дүрбелең тудырған ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда станса
жетекшісінің Байқоныр қаласының басшылығына жолдаған ресми хат жария болған.
Сондықтан Алмагүл Матжанова ресейлік мекемелер тарапынан қызметтік тексеріс
жүргізуді талап ететінін жеткізді.
Шарипа САҚТАПОВА