15 жастағы қазақстандық хоккейші АҚШ-та ойнайтын болды

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2025
  • 185
15 жастағы қазақстандық хоккейші АҚШ-та ойнайтын болды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық қорғаушы Спартак Чукреев USHL-де "Dubuk fighting Saints" сапында ойнайды. Хоккейшіні осы клуб лига жобасында таңдаған болатын, – деп хабарлайды Ulys Sport.

Өткен маусымда 15 жастағы хоккейші Бостон академиясының құрамында болған. Тұрақты чемпионаттың 63 матчында ол 38 (9+29) ұпай жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, "Dubuk fighting Saints" үшін Андрей Буялский 2020-2021 жылдары ойнаса, 2024-2025 жылдар аралығында Бексұлтан Мақаш ойнады.

USHL (United States Hockey League ) – АҚШ-тың жас хоккей лигасы. Онда 16 мен 20 жас аралығындағы ойыншылардан тұратын 17 команда қатысады.