Қазақстан мен Вьетнамның қорғаныс министрлері екіжақты келісімшартқа қол қойды

Қазақстан мен Вьетнамның қорғаныс министрлері екіжақты келісімшартқа қол қойды

Қазақстан мен Вьетнамның қорғаныс министрлері екіжақты келісімшартқа қол қойды. Кездесуде әскери білім беру және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл сияқты перспективалы бағыттар талқыланды. Министр вьетнамдық әріптесін көрнекті қайраткер Хо Ши Миннің туғанына 135 жыл толуымен құттықтады. Сондай-ақ оның елге сапары аясында ертең өтетін Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге шақырды. Ал, Армия генералы Фан Ван Зянг алғыс білдіріп ғана қоймай, Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен танысуға қызығушылық танытып отыр.