Русский Сайттың толық нұсқасы

Ертеңнен бастап өсетін зейнетақыға зейнеткерлер ғана қуанбайды

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2017
  • 2518

Ертеңнен бастап зейнетақы 11 пайызға өседі. Мәселен, төменгі зейнетақы базалықты қосқанда, 37 мыңнан 45 мың теңгеге, ал орташа көлемдегісі 55 мың теңгеден 66 мың теңгеге артпақ. Бұл өзгеріс 2 млн адамға қатысты.

Октябрь Тәжімбетов, зейнеткер:

Биыл 2017 жылдың қаңтардан бастап зейнетақымызға ақша қосты. Енді екіншісі мынау, шілде айында қосылып жатыр. Осының бәрі бізге әдәуір көмек. Қазір тамақ жөні болсын, қай жағдай болсын, барлығы қымбатшылықта болып жатыр. Біріне жетіп, біріне жетіңкіремейді.

Шілдеден бастап Октябрь ақсақал тоқсан мың теңгеге жуық зейнетақы ала бастайды. Бірақ отбасы түгел өзіне қараған ол сияқты зейнеткер аз емес. Зейнетақының өскеніне зейнеткерлер неге қуанбайды? Ертең, сенбі 20.00-де, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.