Русский Сайттың толық нұсқасы

Көрме аумағында Мадагаскар елінің Ұлттық күні өтті

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2017
  • 2066

Бүгін ЭКСПО төрінде Мадагаскар елінің Ұлттық күні өтті. Салтанатты шараны Мадагаскар Республикасының жастар және спорт істері бойынша вице-министрі ашты. Мәдени бағдарлама аясында "Tsienimparihy" тобының әртістері дәстүрлі  джембе аспабында дабыл қағып, өнер көрсетті. Африканың басқа да дәстүрлі  соқпалы аспаптардан гөрі, ішекті аспаптардың көптігімен ерекшеленгендіктен, музыка әуезді естіледі. "Tsienimparihy" тобы әдеттегі малагасиялық мәдениетті әуен арқылы жеткізді. Әртістер алғаш рет Орталық Азия аумағында Астанадағы EХРО-2017 көрмесінде өнер көрсетіп отыр.