Маңғыстау
өңіріндегі атысқа күдікті деп танылғандар құрықталды. Полицейлердің
мәліметінше, олар бас аяғы он шақты адам болған. Алтауы оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Аталған облыстың Құрық ауылында қарулы атыс болды.
Салдарынан 3 адам ауыр жараланып, жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер олардың халі ауыр деп отыр. Ал
тағы үш тұрғын ем дом жасалған соң үйлеріне қайтарылды. Күдіктілер қазір
полицейлердің бақылауына алынған.
Алдын ала деректер бойынша, бірнеше адамнан
тұратын топ өзара ерегісе бастайды. Артынша кикілжің одан әрі ушығып, соңында
адамдар бір біріне қару кезенген. Оқыс оқиғаға қатысушылардың 20 мен 23 жас
аралығындағы жергілікті тұрғындар екені белгілі болды. Атысқа не себеп болғаны
әзірге беймәлім. Полицейлер тергеу құпиялығына сай өзге мәліметтерді жария
етуге асықпайды.
Айғаным
Рахметова, Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі:
Аталған
факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлғаларға қатысты жедел тергеу
шаралары қолға алынды. Тергеу құпиясына сай өзге мәліметтер әзірге
жарияланбайды.