Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2025
  • 258
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды Astana TV.

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше отшашу сағат 22:00-де қаланың екі орнынан – Атырау көпірі маңынан (қалалық жағалау) және Ботаникалық саябақ аумағынан атылды. Отшашу 5 минутқа созылып, әр жерден 4 мыңға жуық мәрте атылды. Оны 70 мыңнан астам адам тамашалады.

Мерекелік отшашу Жеңіс күніне арналған ауқымды іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі болды. Елордада барлығы 100-ден астам түрлі іс-шара, оның ішінде концерттер, қойылымдар, ғылыми конференциялар, мектептердегі тәрбие сағаттары және басқа да патриоттық шаралар өтті.