Ақтауда жүргізушілер аялдамаға көлігін қойып, жолаушылардың автобусқа мініп-түсуіне кедергі келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция ереже бұзған жүргізушілер жауапқа тартылғанын мәлімдеді.
«Ақтау қаласының 16 ш/а «Айтан» кафесінің қарсы бетіндегі аялдамаға көлігін қойып, автобус қозғалысына кедергі келтірген жүргізушілер жауапқа тартылды», - деп жазылған қалалық полицияның хабарламасында.
Инспекторлар азаматтардың жеке басын анықтап,оларға ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша хаттама толтырды.