Русский Сайттың толық нұсқасы

Азия даму банкі Қазақстанға алдағы 5 жылға 3 млрд доллар қарыз бермек

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2017
  • 2463

Азия даму банкі Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті нығайтып, алдағы 5 жылға 3 млрд доллар қарыз бермек. Бұл туралы Екінші энергетикалық инвестициялық форумда банктің Азия елдері бойынша бас директоры мәлімдеді. Қаржының басым бөлігі жасыл энергетиканы дамытуға жұмсалады деген жоспар бар. Жақын айларда стратегия толық мақұлданып, 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап іске қосылатынын айтты. 3 млрд доллар тек қана энергетикаға емес, сондай-ақ қаржы, көлік, денсаулық сақтау сынды өзге де салаларға бөлініп отырған көрінеді. Шон О Салливан қарызды қайтару шарттарын да түсіндірді.

Шон О Салливан, АДБ Орталық және Батыс Азия департаментінің бас директоры:

Азия даму банкі 5 жылға жоспарланған стратегиялық әріптестік жобасын талқылауды аяқтап жатыр. Жобаға салынып отырған сомма 3 млрд доллар. Қайтару жолдары бойынша Азия даму банкінің шарттары бәсекеге қабілетті. Базистік тұрғыда 25 жылға, 2 пайыздан төмен үстемақымен беріледі. Бұл өте жақсы шарт.