Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезінді

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2025
  • 187
Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезінді
Фото: Анадолы

Сейсмологтардың болжамы бойынша, жерасты дүмпуі Қырғызстан аумағында тіркелді,— деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 мамыр күні Астана уақытымен 20 сағат 35 минутта жер сілкінісін тіркеген болатын. 

Кейін «Қазселденқорғау» жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы мәлімет түспегенін мәлімдеген еді. 

Бүгін Алматыдан 234 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелгені туралы жаздық.

Жер сілкінісінің магнитудасы MPV шкаласы бойынша 4,8-ге жетті, ал энергетикалық класы 10,4 болды.