Үш жігіт Алматы тауларында адасып кеткен

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2025
  • 223
Үш жігіт Алматы тауларында адасып кеткен

ТЖМ құтқарушылары Фурманов шыңынан түсіп келе жатып адасып кеткен үш адамды тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Республикалық жедел-құтқару жасағының «Медеу» құтқару бекетіне 2004, 2006 жылдары туған үш жас жігіттің Талғар ауданындағы Фурманов шыңынан түсіп келе жатып бағытынан жаңылып, адасып кеткені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына құрамында 5 құтқарушы және бір техникасы бар жедел топ жіберілді. РЖҚЖ ТЖМ мамандарының іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде жігіттер жылдам табылды. Олардың бірі аяғын қайырып алған. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, топты шатқал арқылы төменге түсірді, - делінген мәліметте.