Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2025
  • 202
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды

“AMANAT” партиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 9 команда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаншеңгел ауылының маңынан жорықты жалғап, Іле ауданы, Ақши ауылының маңынан аяқтады,-деп хабарлайды Astana TV. 


Төртінші кезең яғни бүгінгі күннің қорытындысы бойынша, Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. Ұлытау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Қырғызстанның бірінші командасы үштікті түйіндеді.