Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендегі төмен байытылған уран банкі 29 тамызда ашылады

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2017
  • 3256

Өскеменде салынып жатқан МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкі 29 тамызда ашылады. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады. Мемлекет басшысы шетелдік дипмиссия өкілдері және халықаралық ұйым басшыларымен дәстүрлі кездесу өткізді. 

Елдің сыртқы саяси байланысына да тоқталған Елбасы Қазақстан Түркиямен арадағы әріптестіктің одан әрі дамуына зор мән береді, деді. Сонымен қатар Таяу және Орта Шығыс елдері, Африка құрлығы мен Латын Америкасы мемлекеттерімен достық қарым-қатынасты нығайтып, посткеңестік елдермен арадағы ынтымақтастықты одан әрі жалғай түсу жоспары бар. АҚШ, Еуропалық одақ және Қытаймен достық қарым-қатынас нығаяды. Айта кетерлігі, қазақстандық дипломатиялық қызмет қалыптасқан 25 жыл ішінде 182 елмен достық байланыс орнатылды. Шетелде Қазақстанның 57 елшілігі мен 31 дипломатиялық мекеме жұмыс істеп жатыр. Ал біздің елде 95 шетелдік елшілік пен халықаралық ұйым өкілдіктері бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Тәуелсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қорғап қалдық. Бұл жолда дипломаттардың істеген жұмысы аз емес. Екіншіден, қазіргі таңда Астана халықаралық антиядролық қозғалыстың басшысы болып танылып отыр. Және стратегиялық тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуге қомақты өз үлесін қосып отырған мемлекет. Үшіншіден, Қазақстан үлкен аумақтық интеграция, кооперацияның ауқымды жобаларының бастамашысы болып табылады. Бүкіл дүниежүзілік қауымдастық бұл шаруамызды қолдап отырғанын білесіздер.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ