Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Ресей елімен алыс-беріс ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2017
  • 2375

Қазақстан Ресеймен алыс-беріс ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Экономикалық жаңғырудың жолдары Қазақстан Парламенті Сенаты мен ресейлік Федерация Кеңесінің әріптестік жөніндегі комиссиясының 10-шы отырысында сөз болды.

Қос елдің тығыз қарым-қатынасы соңғы жылдары айтарлықтай нәтиже беріп келеді. 2017 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі 3 миллиард 800 миллион АҚШ долларын құраған. Бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Тараптар мұнымен тоқтамақ емес. Кеден бекетінде жүктің салмағына қатысты қатаң талаптарды жеңілдетіп, шекарада көліктерді өткізудің әлеуетін арттыру мақсаты тұр. Осы арқылы алыс-беріс көрсеткішін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Екі мемлекеттің үкіметтері де бұл бастаманы қолдап отыр.  Жиында сонымен қатар Жайық өзенінің экологиялық тазалығы мәселесіне қатысты әңгіме өрбіді.

Сергей Громов,  ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

Жайық өзенінің бойында Қазақстан мен Ресейдің 20 миллоннан астам азаматы тұрады. Бүгінде су мұнайдан да қымбат болып отыр. Атырау, Батыс Қазақстан өңірлерінде бұл мәселенің маңызы зор. Біз Жайықты көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Оны әрдайым тазартып, абаттандырып отыру қажет

Ильяс Умаханов, РФ Федерациялық Кеңесі федерация төрағасының орынбасары:

Біз қарапайым мәселелерді емес, күн тәртібіндегі маңызды проблемаларды қарастыруды көздейміз. Сондай-ақ, Парламентаралық комиссияның отырысы кезінде тек жаңа ұсыныстар талқыланбай, өткен жиында қабылданған шешімдерді қорытындылау ісі де дағдыға айналған.

Парламентшілер Комиссияның өткен жылы Санкт-Петерборда өткен тоғызыншы отырысы шешімдерінің іске асу барысын талқылады. Сенат пен Федералды Жиын Федерациясы Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның он бірінші сессиясына дайындық жайы да қаралды. Қазақстан тарапынан комиссия жұмысына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен бірқатар сенаторлар, сондай-ақ, энергетика, білім және ғылым министрліктерінің өкілдері қатысты. Комиссияның келесі он бірінші отырысы Ресейде өтеді деп жоспарланған.