Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желі арқылы өз ағзасын сатпақ болған

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2025
  • 181
Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желі арқылы өз ағзасын сатпақ болған
Фото: istockphoto

Ақтөбе облысы прокуратурасы қызметкерлері әлеуметтік желіге орналастырылған жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласы тұрғынының бірі өзінің ішкі органдарын сатуға қатысты заңсыз мәміле жасамақ болғанын анықтаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алынған мәліметтер негізінде облыс прокуратурасының қаулысына сәйкес облыстық Полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

2025 жылдың 30 сәуірінде облыс прокуратурасы бастамашылық жасаған жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы сомасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдіктіні ұстады.

– Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүріп жатыр, – делінген ақпаратта.