ҰҚК қызметкерлері жарылғыш заттарды тапты

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2025
  • 185
ҰҚК қызметкерлері  жарылғыш заттарды тапты

Ақмола облысында жарылғыш заттарды заңсыз тасымалдайтын арна анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) 2025 жылғы 16 мамырдағы баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленді.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетіндепайдалануға арналған."
ҰҚК Баспасөз қызметі

Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.