16 жастағы Дастан Сатпаев тағы да айдың үздік ойыншысы атанды

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2025
  • 176
16 жастағы Дастан Сатпаев тағы да айдың үздік ойыншысы атанды

Қазақстан премьер-лигасында "Қайрат" командасының вингері Дастан Сәтпаев қатарынан екінші рет айдың үздік ойыншысы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі турнирдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 жастағы футболшының трансферлік құқығы Лондонның "Челси" клубына тиесілі. Ол Қазақстан чемпионатында 9 матчта 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Сәуір айында Дастан барлық турнирлерде 5 матчта 4 гол және 2 ассистпен көзге түскен болатын.