Алматыда 35 жастағы ер адам танысына оқ атып, жаралады

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2025
  • 103
Алматыда 35 жастағы ер адам танысына оқ атып, жаралады

Алматыда мейрамханалардың бірінде атыс болып, бір адам жарақат алды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екі таныс жанжалдасып, ақырында біреуі суық қару қолданған. 35 жастағы ер адам жәбірленушінің аяғына оқ атқан. Ұрыс-керіске не себеп болғаны әзірге белгісіз.