Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Сирия келіссөздерінің кезекті раунды басталды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2017
  • 1945

Сирия тақырыбы талқыланатын Астана процессі өз жұмысын жандандырды. Еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, бұл жолы атыс-шабыстан ада аумақтар жайы талқыланады, деді.  Интерфакстың хабарлауынша,  кепіл елдерден бөлек, Иордания мен АҚШ-тың делегациялары, сондай-ақ ресми Дамаск пен оппозиция өкілдері төбе көрсеткен. Тараптар гуманитарлық көмек пен инфраструктуралық құрылымдарды қалпына келтіру жайында пікірлеседі. Әзірге бұл алдын ала кеңесу. Отырыстың негізгі бөлігі 5 шілдеде басталады.

Қайрат Абдрахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Құжатты іске асыруда шекара мен кепіл елдерге қатысты өзге де мәселелер қамтылары сөзсіз. Деэскалацииялық аймақтардағы  бақылау өткізу бекеттерін орнату да бар.