Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтөбе жұртшылығымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтөбе жұртшылығымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтөбе жұртшылығымен кездесті. Палата Спикері өңірдің жоғары әлеуеті мен экономикалық өсу қарқынына назар аударды. Кездесуге қатысушылар аймақтың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту және өңірге инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ облыстың креативті жастарымен кездесуде білімді жас буынның елді жаңғырту үдерісіндегі рөліне, олардың бойына жасампаз құндылықтар мен өршіл идеяларды сіңірудің және өскелең ұрпақты жүйелі қолдаудың маңызына баса мән берілді. «Ұлттық қор – балаларға», «Болашақ», «Жастар», «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі және басқа да дарынды жастардың әлеуетін арттыруға тың мүмкіндіктер беретін стратегиялық бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы айтылды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси бағдарына қатысты басымдықтарды да айқындап берді. Мұның бәрі – Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстан құру үшін қолға алынған кешенді бастамалар. Президентіміз белгілеп берген осы міндеттерді іске асыру жолында мәслихат депутаттарымен бірлесіп нәтижелі жұмыс істейміз деп сенеміз.