16 жастағы жігіт танысының арқасына қайшы тығып алғаны үшін сотталды

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2025
  • 78
16 жастағы жігіт танысының арқасына қайшы тығып алғаны үшін сотталды
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған бозбалаға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

17.01.2009 жылы туған сотталушы 2024 жылдың қазан айында кешкі сағат 20:30 шамасында өзімен бірге алып жүрген қайшысын кәмелетке толмаған жәбірленушінің арқасына сұғып алған. Осылайша оған ауыр дәрежелі дене жарақатын салған.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 7)-тармағымен кінәлі деп танылып,6 жылға бас бостандығынан айрылды.