Алматыда жолға таласып, жанжалдасқан 12 жүргізуші жазаға тартылды. Жұрттың жүйкесі жұқарған ба, әлде мұның басқа себебі бар ма? Жол ережесін елемейтіндер де көп. Заңға бағынбайтындар қалай жазаланады? Бұл сұрақтарға тілшілеріміз жауап іздеді.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Не болды, сонша, ашуланып сигнал басып. Осындайлар шаршатты. Адамды сонша шошытып. Жасыратыны жоқ қазір көшеге шықсаң басқадан емес осындай шудан шаршайсың. Асығыстықтан ба, жоқ жұрттың жүйкесі жұқарғанан ба әйтеуір жаяу жүргіншелр жолағынан өткеннің өзінен өткенде абайламасаңыз қиын.
Жаяу жүргінші жолағынан өтудің өзі қорқынышты. Тұрғындар жүргізушілердің көлікті жүйітки айдайтынына наразы. Ережені елемейді дейді.
БЛИЦ:
- Қорқасын конечно жан-жаққа қарап сөйтіп барып өтеміз ғой.
- Қазір адамдардың жүйкесі тозған ғой негізі. Жиі көрем. Қай жерде пробка болады сол жерде ғой.
Биыл бас қалада 120 мың астам жүргізуші жол ережесін бұзған. Оған қоса жолға таласып жанжал шығаратындар қаншама? Олар да жазадан қашып құтыла алмайды. Тәртіп сақшылары дәл осындай бейнеге түсіп қалған екі азаматты 15 тәулікке қамауға алды.
АСХАТ ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ КОМАНДИРІ:
Жолды бөлісе алмай бір-бірімен қоқан- лоққы көрсеткен жүргізушілер айына 1-2 факт тіркеледі. Олар соттың шешімімен айыппұл арқалайды немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамауға алынады.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Қазір күн санап Астанада кептеліс көбейіп жатыр. Содан ба асыққан жүргізушілер көп жағдайда қарапайым ережелерді елей бермейді. Тіпті, жаяу жүргіншілер жолағында жол бергісі келмейтіндер бар. Ал, Жомарт Алматының жолдарындағы жағдай қандай? Жүргізушілер жол ережесін жиі бұза ма? Кептелісте бір-бірімен килігетіндер көп емес пе?
ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:
Дәрібек, 2 миллионнан аса тұрғыны бар Алматыда да жол ережесін бұзатындар өте көп. Қауіпсіздік белдігін тақпау, жарық шамын қоспау секілді заңбұзушылықтарды айтпағанда, жол белгілерін елемеу, көліктің алдыңғы әйнектерін қараңғылау сынды заңсыз әрекеттер жетіп жатыр.
Жол ережесін сақтамау – тек әкімшілік құқық бұзушылық емес, кей жағдайда қылмысқа апарады. Мамандар мұның себебі көлік жүргізу мәдениетінің төмендігінен дейді.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жолда бір біріне жол бермей, жол жүру ережелерін бұзып, содан кейін төбелесіп, жұлысып, алысып, нәтижесінде бұның барлығы үлкен қылмысқа алып келеді. Кәдімгідей кішігірім жанжал үлкен бір бұзақылық дерекке айналады. кейде тапанша алып травматикалық жүгіретіндер бар. Олар әрине заң бойынша жауап береді, қамауға алынады.
Алматыда бейнекамералар арқылы биыл 4 айда жол қозғалысы ережесін бұзудың 3 миллионнан аса дерегі анықталған. Ал патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері мас күйінде көлік тізгендеген 1098 азаматты жүргізуші куәлігінен айырса, жолда бүлік шығарған 12 дерек бойынша шара қолданған.
БЛИЦ:
- Қолдарым күйеді и невозможно ездить. Солнце слишком жарко. Поэтому атерьмальную пленку. Не тонировку чуть чуть хотя бы. Что бы обеспечивал. Ал жалпы бұл заңға қарсы екенін білесіз ба сіз? Жоқ білмедім. Енді білем. Мүмкін жасамайм болды.
- Қазір аз боп қалды негізі. Бұрын көп еді. Бір 2-3 жыл бұрын. Қазір водительский солидарность кішкене көбірек болды. Алматы такой город то что бәр жерде пробка. Никто никуда не успевают. Каждый хочет доехать первый поэтому мне кажется. Все на нервах.
ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:
Жол мәдениеті - қауіпсіздіктің кілті. Ереже сақталып, сабыр сақталса, жанжал да, қауіп те азаяды. Көлікке мінгенде бірінші жетсем деп емес, аман жетсем екен деп ойлау әлдеқайда маңызды.