Ақтауда тормен балық аулаған адамға айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2025
  • 80
Ақтауда тормен балық аулаған адамға айыппұл салынды

Ақтау қаласының азаматы сәуір айында «Рибиера 3600» маркалы резеңке үрлемелі қайығымен Каспий теңізінің жағалауында балық аулауға тыйым салынған құрал – ау торымен балық аулап, балық аулау қағидаларын бұзған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, жеңіл жаза қолдануды сұраған.

 Сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 78 640 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.