Алматыда жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін – ТЖД

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2025
  • 152
Алматыда жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін – ТЖД

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 23 - 24 мамыр аралығында қатты жауын жауып, таулы аймақтарда су деңгейінің көтерілуі ықтималдылығы жоғары.

– Өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі. Осыған орай, алматылықтарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ төтеншеліктер қала тұрғындары мен қонақтарына тауға аттанбауға кеңес берді.

«Қазгидромет» кәсіпорыны таратқан деректерге қарағанда, бүгін Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсерін тигізеді. Соның салдарынан жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.