Қарағандыда 8-қабатта алапат өрт болып, 14 адам тірідей жанып кете жаздады

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2025
  • 134
Қарағандыда 8-қабатта алапат өрт болып, 14 адам тірідей жанып кете жаздады

Қарағанды қаласында көпқабатты үйдің 8-қабатында алапат өрт болып, 14 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, өрт Қарағанды қаласында Қазыбек би атындағы ауданның С.Мұқанов көшесінде болған. От 8-қабаттағы пәтердің балконынан тұтанған.

Келген өрт сөндіру бөлімшелері 14 адамды, оның ішінде 2 баланы түтін толған кіреберістен баспалдақ маршымен жедел эвакуациялады.

«Өрт таралуына жол берілмей сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген министрлік хабарламасында.