Елімізде демалыс күндері үсік жүреді

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2025
  • 141
Елімізде демалыс күндері үсік жүреді

Қазақстанда мамыр айының соңғы күндері суық ауа райымен жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ел аумағында найзағаймен жауын-шашын әкелген циклоннан кейін енді солтүстіктен антициклон ығыса бастайды. Бұл құбылыс батыс аймақтарда жауын-шашынның тоқтауына, ал солтүстік өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болмақ.

Синоптиктердің болжауынша, түнгі уақытта үсік күтіледі:

25 мамырда – Батыс Қазақстан облысында;

25 мамырда – Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында;

26 мамырда – Павлодар облысында.

Аяздың күші түнде -1...-3°C аралығында болуы мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, ыстық жаз солтүстік өңірлерге әлі де жетпей жатыр.