Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада электромобильдер үшін алғашқы өнеркәсіптік станция ашылды

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2017
  • 2741

Астанада электромобильдер үшін алғашқы өнеркәсіптік станция ашылды. Қуат толтыру орталығы елорданың оң жағалауында орналасқан. Темір тұлпарды 20 минут ішінде тұрмыстық жағдайдағыдан 50 есе жылдам қуаттандыруға болады. Мамандардың айтуынша, толық қуаттандыру құны 10 литр жанармай бағасына тең. Станцияда бір мезетте бірнеше эко-көліктерді қуаттандыруға болады. ЭКСПО уақытында, яғни қыркүйек айына дейін, бұл қызмет тегін көрсетіледі.

Қазір елімізде 200-ден аса электромобиль тіркелген. Оның жартысы премиум санатындағы көліктер. «Казавтопромның» ақпарына сай, биылдың өзінде «жасыл» көлікті ұнататындар 19 электромобиль сатып алған. Сарапшылардың айтуынша, әзірге, олар қала ішінде жүруге ғана жарайды, алдағы уақытта  жүргізушілердің  ұзақ сапарға шығуына да жағдай жасалады

Талғат Шағамбаев, маркетинг бойынша маман:

Электромобильдерді сатып алып, ешқандай кедергісіз осында қуаттандыруға болады. Бұл алғашқы қадам, ал мұндай станцияларды орнату үлкен инвестицияны қажет етеді. Келесі жылы осындай орталықтар Алматыда орнатылады деген жоспар бар.