Пәкістан әуе компаниялары 23 маусымға дейін Үндістанға ұша алмайды

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2025
  • 219
Пәкістан әуе компаниялары 23 маусымға дейін Үндістанға ұша алмайды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды

Енді пәкістандық әуе тасымалдаушылары маусымның соңына дейін елге ұша алмайды, деп хабарлайды Aikyn.kz

Естеріңізде болса, екі мемлекет арасындағы ахуал сәуірдің соңында ушыққан еді. Ол кезде шекаралас аймақта туристерге шабуыл жасалды. Үндістан лаңкестікке Пәкістанның қатысы барын айтқан. Бірақ Пәкістан бұнымен келіспеді. Осыдан кейін Нью-Дели әуе кеңістігін жапты. Исламабад та осындай шешім қабылдаған. Бірақ кейіннен көрші елдің лайнерлеріне ұшуға рұқсат берді.