Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» арнасы «Welcome to Astana» атты деректі фильмді ұсынады

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2017
  • 2937

Астана - орындалған ұлы арман. Еліміздің бас шаһарына биыл 19 жыл. Туристік тартымдылығы жоғары мегаполистердің бірі атанған елордаға келетін қонақтар үзілмейді. Биыл меймандардың саны тіптен арта түсті. Бұған себеп, елімізде өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесі. Осы шараның аясында алыс-жақыннан саяхаттап келген қонақтардың жас қалаға деген пікірі ерекше.

Ман Джен Джун, қытайлық турист:

Астана маған ұнайды. Себебі мұнда ашық аспанды көріп, салқын самалды сезінуге, таза ауамен тыныстауға, тәтті судың дәмін татуға болады. Қазір алып мегаполистер де мұндай мүмкіндік жоқтың қасы.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының келбетін қалыптастыруға әлемнің 80-ге жуық қаласы атсалысқан. Құрылысқа отандық және шетелдік 500-дей компания білек сыбана кірісті. Жұмылған жұдырықтың арқасында жылына жүздеген ғимарат бой көтерді. Астананың ажары кіріп, әлем санасатын ірі орталыққа айналғанын шетелдік дипломаттар да мойындап отыр.

Джордж Крол, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

Қазақстан, оның ішінде Астана - Еуразияның жүрегі, Еуропа мен Азияны жалғайтын көпір. Астана, Астана болғалы бері, әлемдік келіссөздер мен басты жиындардың алаңына айналды. Сөзіме Сириядағы соғысты тоқтату жөніндегі алғашқы басқосулардың осы жерде өтуі дәлел.

Елорда күні қарсаңында «Астана» телеарнасы қалың көпшілікке арнап «Welcome to Astana» атты деректі фильм түсірді. Арман қаланың өткені мен бүгіні жайында баяндайтын бірегей туындыны ертең сағат 13:50-де  тамашалай аласыздар!