Павлодарда көлік өртеніп, бес адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2025
  • 135
Павлодарда көлік өртеніп, бес адам зардап шекті

Павлодарда көлік өртеніп, салдарынан бес адам зардап шекті. Ішінде балалар да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Irbis TV сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

24 мамыр кешке Олжабай батыр көшесінде көлік өртенді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер көліктің жарылуының алдын алды.

Павлодардағы бірінші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне 33 жастағы әйел жеткізілді. Денесінде үшінші дәрежелі күйік бар.

34 жастағы ер адамның да қолы күйіп, бірінші және екінші дәрежелі күйік деген диагноз қойылды. Ол амбулаторлық емдеуде. Ал екі қыз Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

“2 жасар қыздың беті, екі қолы, бел аймағының бірінші және екінші дәрежелі термиялық күйіктері бар. Зардап шеккен аймақ – 18%. Бала травматология бөліміне жатқызылды. 9 жасар қыздың беті, қолы, оң жақ мықыны бірінші, екінші, үшінші дәрежелі күйік алған. Зардап шеккен жері – 7%”, – деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.