Cоңғы алты жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны 77 мыңға дейін азайған. Бұл көрсеткіш 2019 жылы екі миллионға жуықтайтын еді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен өткен Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Онда Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды. Мемлекеттік кеңесші былтырдан бастап азаматтық алуға байланысты заң қатаңдатылғанын мәлімдеді. Бұл елге, тілге деген құрметті арттыру бағытында жасалғанын айтты.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
Тағы бір ерекшелігі өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті мамыр айында жаңа заңға қол қойған болатын. Сол заңға сәйкес қазақстан азаматтығын алған жағдайда немесе қалпына келтірген жағдайда өтінім білдірушілер мемлекеттік тілді білу бойынша, арнайы тест тапсыру керек. Одан басқа қазақстан республикасының конституциясы, тарихы бойынша белгіленге тәртіпке сәйкес тест тапсыру керек.