Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ тіліне тәржімаланған кезекті 21-ші фильм көрерменге жол тартты

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2017
  • 3518

Қазақ тіліне тәржімаланған тағы бір фильм көрерменге жол тартты. Бұл ана тілімізде сөйлеген Голливудтің 21-ші туындысы, - дейді «Болашақ» корпоративтік қорының басшысы Динара Чайжүнісова кезекті фильмнің тұсаукесерінде.

Игі іске кәсіпкерлер демеушілік жасайды. Соның арқасында қазақ тілі атақты дисней фильмдері аударылатын тілдер арасында әлем бойынша 39-шы болып тіркелген. Ал, белгілі сони пикчерстің туындылары үшін 7-ші тіл болып отыр. Қазақ тілді көрерменге жол тартқан "Өрмекші адам, қайта оралу" фильмінің дубляжына 30-дан астам актер қатысты.

Динара Чайжүнісова, «Болашақ» корпоративтік қорының директоры:

Қазақ тілді көрерменнің кейбірі қазақша ойлап, түсініп тұрса да, сөйлей алмайтыны қынжылтады. Сондықтан бұл жұмыстар болашақта өз жемісін береді деп сенеміз. Қазақ тілді аудиторияның әлемнің үздік кино саласының туындыларын өз тілінде тамашалауға мүмкіндігі бар. Бұл 21-ші фильм. Болашақта олардың қоры молая түсеріне сенім мол. Демек біздің балаларымыз, немерелеріміз тек қана қазақ фильмін көріп, қазақша ойлайтын болады.