Биылдан бастап емханаларда даму және ерте араласу орталықтары жұмысын бастайды

Биылдан бастап емханаларда даму және ерте араласу орталықтары жұмысын бастайды

Биылдан бастап емханаларда даму және ерте араласу орталықтары жұмысын бастайды. Бұл бастама 3 жасқа дейін балалардың дамуындағы кедергілерді дер кезінде анықтауға бағытталған. Бүгінде ел бойынша 34 орталық ашылды. Жыл сайын 2 миллионнан астам бала скринингтен, 4,5 миллионнан астам сәби профилактикалық тексеруден өтеді. Ана мен бала денсаулығы саласында қабылданып жатқан жүйелі шаралардың арқасында Қазақстанда бала өлімінің көрсеткіштері ең төмен деңгейге түсті.

АЙНҰР МАҚСҰТОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС ПЕДИАТРЫ:

Балалар арасындағы ауру-сырқау мен мүгедектікті азайту үшін олармен ерте кезден жұмыс істеген абзал. Даму және ерте араласу орталықтарында логопед, дефектолог мамандар және өзге де дәрігерлер қызмет етеді. Сәбидің жүйке жүйесі 3 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан ата-аналар уақытында перзенттерін дәрігерге көрсетіп, баланың бойынан қандай да бір кінәрат байқаған кезде уақыт созбай, мамандардың көмегіне жүгінгені дұрыс.