Шымкент қаласы аудандарында тазалық шаралары өтті

Шымкент қаласы аудандарында тазалық шаралары өтті

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы Шымкент қаласында жалғасуда. Экологиялық шара бірнеше ауданды қамтыды. Тұрғындар көшелер мен аулаларды қоқыстан тазалады. Сондай-ақ жол бойындағы арам шөптерді орып, жиналған артық заттарды қала сыртына шығарды. Игі іске әр ауданнан 100-ге жуық адам қатысып, мектеп, ойын алаңдары, аялдама, тұрғын үй маңайлары мен өзеннің аумағын да ретке келтірді.

ДІНМҰХАММЕД ШАНШАРХАН, АБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША КОММУНАЛДЫҚ ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Абай ауданы бойынша 27 елді мекен бар. Ол 27 елді мекеннің ішінде 13 бригада бар. Әр ауданға бөлініп жаңағы 27 мекенді бөліп-бөліп бергенбіз соларға. Әр қайсы өздерінің аудандарында осындай санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізеді. Олардың әрқайсының ішіне орақшылар бергенбіз, осындай көшелердің шөптерін орады бірге, графигімен жұмыс атқарады.