"Мақтау қағазын аламыз деп ойлады": Тұрсен Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін сыйлады

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2025
  • 146
"Мақтау қағазын аламыз деп ойлады": Тұрсен Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін сыйлады
Фото: Видеодан скрин

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсен Алагөзов өзінің "Galanz Bottlers" атты компаниясында қызмет еткендерге пәтер кілтін табыстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

15 жылдан астам қызмет еткен 100 адамға 100 пәтер берді. 

"Тұрсен, мен бүкіл Қазақстанға сенімен мақтанатынымды айтқым келеді. Сені мақтан тұтамын! Жарайсың! Бүгін қызметкерлерді шақырды. Бірақ олар не үшін шақырғанын білмейді. Оларға тосынсый болды. Барлығы мақтау грамоталарын табыстайды деп ойлады. Неге күйеуіммен мақтанамын? Себебі ол әрқашан өз қызметкерлерін ойлап жүреді. Президентіміз айтқандай әлеуметтік жағдайларын ойлайтын бизнесмен. Бұлай жасау екінің бірінің қолынан келмейді", – деді ол.

Тұрсен Алагөзов бұл идея 2024 жылы келгенін айтты. Алайда сәті биыл түскен көрінеді. 

"Бұл адамдар – менімен 20 жыл бойы еңбек еткен қызметкерлер. Комиссия құрып, нағыз мұқтаж жандарды таңдадық. Олардың көпшілігінде бірде-бір пәтер жоқ", – деді бизнесмен. 

Сондай-ақ ол баспанаға мұқтаж адамдардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар екенін ерекше атап өтті. Мысалы, еден жуатын кісілер, жүргізушілер, жүк тасымалына жауапты адамдар.