1 маусымнан бастап жүк көліктерінің қозғалысына жазғы шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәліметінше, бұл шаралар күннің ыстығында жол жабындысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Шектеу мерзімі:
еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.
"Шектеу +25°C-тан жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Өңірлер бойынша
1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында мына аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
Алматы облысы;
Атырау облысы;
Жамбыл облысы;
Жетісу облысы;
Ұлытау облысы;
Қарағанды облысы;
Қызылорда облысы;
Түркістан облысы;
Маңғыстау облысы.
1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11:00-21:00 аралығында мына аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
Абай облысы;
Ақмола облысы;
Ақтөбе облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Қарағанды облысы;
Қостанай облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы.