Аустралияда су тасқынынан 800-ге жуық ғимарат қирады

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2025
  • 97
Аустралияда су тасқынынан 800-ге жуық ғимарат қирады
Фото: Report

Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында су тасқынынан толығымен қираған үйлердің саны 800-ге жуықтады, деп хабарлайды Report

—5 мыңнан астам шығынды бағалау шарасы жүргізіліп, нәтижесінде 794 үй тұруға жарамсыз деп танылды, - деп жазады басылым.

Басылымның мәліметінше, табиғи апат салдарынан бес адам қаза тапқан.

Аустралияның 10 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалды.