Қызылжарда қоғамдық көлікті жөндеп жатқан жүргізуші автобустың астында қалып қойды. Оқиға автопаркте болған. Елдімекендерге қатынап жүрген қоғамдық көлікті жүргізуші жөндемек болып, техниканы домкратпен көтерген. Сөйтіп, автобустың қосалқы бөлшектерін ауыстыруға кіріскен. Алайда тіреуіш кенеттен жылжып кетіп, 10 тонналық көлік жүргізушінің кеуде тұсын езіп жіберген. 64 жастағы азаматты әріптестері алып шығып, бірден дәрігерлерге хабарлады. Бірқатар жарақат алған азамат қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ақхалаттылар оның жағдайын ауыр деп бағалауда. Ал полицейлер іс қозғап, кінәлілерді анықтауға кірісті.
ӘСЕТ КЕҢЕСОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІ:
Науқас кеуде сүйегі, жамбас сүйегі және бірнеше қабырғасы сынған. Медициналық қызметкерлео барлық диагностикалық шараларды жасап, тиісті емді тағайындады. Қазір науқастың жағдайы ауыр бірақ тұрақты. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
ГҮЛМИРА БАЯНДИНА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ АНЫҚТАУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 156 бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.