Бүгін оралдық еріктілер Мәңгілік алаудың айналасын тазартып, ретке келтірді. Соғыс құрбандарына арналған бұл қастерлі мекенге қалалықтар жиі жиналады. Бірақ сейіл құрғандардың артында түрлі қоқыс қалады. "Жастар рухының" жігіттері бұл игі іске қаладағы оқу орындарының студенттерін іріктеп алыпты. Тазалыққа жаны құмар осы жастардың көмегімен жыл басынан бері шаһардың әр түкпіріндегі жеті ескерткіш тазаланған. Халық көп жиналатын алаңдар да ретке келтіріліп, түрлі анайы жазулар өшіріліпті. Бірақ тұрғындар қоғамдық мүлік - ортақ игілік екенін түсінуі тиіс. Сонда ғана айналаны таза ұстап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға болады, дейді жанашыр жастар.
ЕРЛІК ШАМҒАЛИ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ БҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Соғыс ардагерлері, оралмай қалған ардагерлердің есімдері үлкен болып жазылып тұр. Соның үстіне аяқтардың іздері, қалдықтар неше түрлі, сосын қолмен сызылған, жазылған неше түрлі есімдер жатыр. Жарымның есімі жарда тұрады дейді. Өздерінің есімдерін жазып кетіп жатады. Соларды кетіріп, жастарға, жалпы қала тұрғындарына мәдени орындарда мәдениетті түрде келіп демалып, арттарына қоқыс қалдырмауын сұраймыз.